06 Нау 2021
жаңылыктар сош17

Қазақстан әкелерінің республикалық форумы

«EN BAQYTTY EL» ҚҚ 2020 жылғы 31 қазанда, сағат 10:00-де онлайн форматта өтетін, Қазақстан әкелерінің республикалық форумына шақырады, тікелей көрсетілім akelerforum.bestpapa.kz сілтемесі арқылы en_baqytty_el YouTube арнасында өтеді.

Аталған форумның мақсаты: Қазақстандағы әке институтын дамытуда жаңа тәсілдерді танымалдату және қалыптастыру үшін диалогтық платформа құру.
Форумда әр түрлі мамандықтағы әкелер бір-бірімен отбасындағы және қоғамдағы ер адамның рөлі туралы білімдерімен бөліседі. Қазақстанның әр түкпірінен белсенді әкелер, қоғам қайраткерлері, жаттықтырушылар, журналистер мен блогерлер, Ресей мен Беларусь әкелер одағының жетекшілері қатысады.
Іс-шара бағдарламасында – «Жауапты әке болуды қалыптастыру құралдары», «Толық емес отбасынан шыққан жасөспірімдерде әке болу туралы түсініктерді қалыптастыру», «Агрессивті ер адамдардан көмек сұраудың психологиялық практикасы» тақырыптарында мастер–класстар өткізіледі. Сондай-ақ, көрермендер форумда өткізілетін байқауларға қатысып, сыйлықтар ала алады.
Әкелер форумына тіркелуге сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/1FRt3znuNG4UTCYO9bG6VqjVFZSINQa-MZknp0P9GUfA/edit?usp=sharing
Форум бағдарламасы akelerforum.bestpapa.kz парақшасында